Ақпарат Спорт

ТҮРКІСТАН: ПАРА ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Пара дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Тартысқа толы турнирде облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары 1 алтын 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі.Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Зәуре Әйтек +70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Балуандардың жаттықтырушылары елімізге белгілі тәжірибелі бапкерлер – Марат Нұрмаханов пен Шавкат Ешматов.Шымкент қаласында өткен жарыста спорт клубтың үкілеп додаға қосқан балуандары – Ақтолқын Сейілбекова 70 келі, Бағланбек Оңалбек +90 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізіп, жаттықтырушылар үміті ақталды. Бауыржан Арықбаев +90, Еділ Рахманов 73, Мұхтар Әділбек 73, Дилором Дыханова 57 келі салмақта ҚР кубогының қола алқа иегерлері қатарынан көрінді.

Қатысты жаңалықтар

ЖАЙЫЛЫМ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

Қазақстанда балабақшалар әзірге ашылмайды

azatmedia

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕР

azatmedia