Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тарихындағы исламның рөлі

Арабтардың Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға келуі Түркеш (704-756) қағанаты тұсында басталды. 705 жылы арабтар Әмудариядан шығысқа қарай басуға кірісті. Арабтардың Хорасандағы әміршісі Кутейба ибн Мүслім Балх қаласын басып алып, 706 жылы Пайкентке (Бұхараға жақын) жақындады. Осы жерде Түргештер мен Соғдылардың әскері арабтарға қатты соққы берді. Бірақ  Кутейба Түргештер мен Соғдыларды шағыстырып қоршаудан шығып кетті. Түргештердің басшысы Үш Елік қаған болатын. 706-711 жылдары Үш Еліктің ұлы Сақал қағанның тұсында Түргештердің ішкі бірлігі нашарлады. Сыртқы жауларда көбейіп кетті. 709 Кутейба Бұхараның маңына жетті. Осы жерде Кутейба тағы жеңіліске ұшырады. Кутейба тағыда алдау тактикасына көшіп, Соғдылардың басшысын түріктерді қолдаудан бастартқызып Бұхараны басып алды.  712-713 жылдары арабтарға қарсы түркілер, соғдылар, шаштықтар, ферғандықтар бірігіп шайқасты. Түргештердің басшысы Сұлу қаған кезінде арабтарға қарсы күрес одан да күшейді. 737 жылы Сұлу қаған арабтарды Тоқарыстанға (Ауғанстан) дейін қуып тастады. Бірақ қайтар жолда сатқындықтан қайтыс болды. Сұлу қағаннан кейін билікке Қарлұқ (756-940) династиясы келді. Бұл кезде Орта Азияға Қытай әскеріде кірген еді. 751 жылы Тараздың түбіндегі Атлах қаласының маңында сол замандағы ең үлкен шайқастардың бірі болды. Шайқас бес күнге созылды. Арабтарды қарлұқтар қолдады. Қытай әскері тас-талқан болып жеңілді. Қытайлар Жетісу, Мавернахр, Шығыс Түркістанды тастап шықты. Арабтар да Орта Азиядан біршама шегінді. Осы кезден Қазақстанға Ислам діні ене бастады.

Ислам дінің одан әрі өркендеуі Қарахан (942-1210) кезінде болды. Мемлекеттің негізін қалаушы Сатық Боғра-хан. Ислам діні Қарахан мемлекетінің негізгі мемлекеттік діні деп жарияланды. Түрік мәдениеті және жазуы арабтана бастады. Көне түрік жазуының орнына араб графикасы ендірілді.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

«Хор қызын аңсап жүргендерге айтарым осы» – дінтанушы желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

azatmedia

АРНАЙЫ ТОП ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ ПОЯВИЛСЯ УМНЫЙ ПЕШЕХОДНЫЙ ПЕРЕХОД

azatmedia