Соңғы жаңалықтар

Негізгі құндылықтар мен қағидаттар

Ислам – әлемдік монотеисттік-ибрахимдік дін. «Ислам» сөзін біздің тілімізге аударғанда «Бейбітшілік» деген мағынаны білдіреді және (Алланың заңдарына) мойынсұну, бағыну болып табылады.

Алланың сөздеріне мойынсұну, бағынудан бөлек әрбір мұсылман өз елінде татулықтың туын әрдайым биікке көтере білуі керек. Тәртіпке бағыну ол адам баласының арын немесе болмысын төмендету емес, керісінше, өзінің көркем мінезімен мұсылман көпке үлгі болуы тиіс.

Әріден сөз қозғайтын болсақ, ата-бабаларымыз ислам дінін ұстана отырып өз ұлтын және өзге ұлт өкілдерімен байланыс орнату арқылы көптеген жетістіктерге жеткен. Қазіргі таңдағы Тәуелсіз ел болуымыздың өзі бейбітшілікті сүйген халық болғанымыздың нәтижесі деп білемін.

Алла Тағала Құранда «Уа, адамзат! Сендерді біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік.Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Сендердің бір-біріңнен артықтығың несібелеріңмен емес, діндар-тақуалықтарыңмен есептеледі» (Хужурат сүресі, 13 аят) деп бұйырады.

Міне, Алла Тағаланың заңдарына мойынсұнып бағыну нәтижесінде біз 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын кең байтақ елімізде бейбіт өмір сүрудің насихатшысы әрі тірегі болуымыз тиіс және міндеттіміз!

Қиын-қыстау заманда ата-бабаларымыз ел тынышын сақтау мақсатында әркез тәртіпті бірінші кезекте ұстаған. «Бақ, қайда барасың? Ынтымаққа!» деген телегей теңізге татитын фәлсафаға толы нақыл сөзіміздің өзі неге тұрарлық?!

Асыл дініміз татулықты, бейбітшілікті қалайды. Демек, Ислам дінінің  негізгі қағидасы – басқаларға әділеттілікті таныту. Өйткені, Мұхамед (с.а.у.) пайғамбарымыздың өзі өзге ұлт өкілдері тұрмақ, өзге дін өкілдеріне де ешбір зорлық-зомбылық көрсетпеген. Бұған тарих куә.

Бейбіт дінде ешкімді ұлтына, жынысына, дүниесіне қарап бөлмейді. Адамға тұлға ретінде баға беріп, Алла алдында әрбір адамның бірдей, ешкімнің төмен немесе биік екені тек тақуалық көркем мінез, мейірімге толы жүрек және ілімге толы санамен ғана ерекшеленетіні айтылған. Сондақтан кім-кім болмасын Алланың құлдары айналасына жақсылықтың шуағын шашатын жан болу керек.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Дін саласындағы тұрақтылықты сақтау – басты міндет

azatmedia

Алып жылан ұйықтап жатқан әйелдің аузынан ішіне кіріп кетті

azatmedia

ОБСУЖДЕНЫ МЕРЫ ПО СТАБИЛИЗАЦИИ ЦЕН НА СОЦИАЛЬНО ЗНАЧИМЫЕ ПРОДОВОЛЬСТВЕННЫЕ ТОВАРЫ

azatmedia