Соңғы жаңалықтар

Жастардың деструктивті ағымдар идеологиясына қарсы иммунитеті

Қазіргі кезде діни ағарту жұмыстары алдыңғы қатардағы өзекті мәселердің бірі. Діни экстремизм мен терроризмнің көріністері, түрлі секталардың көбейіп қана қоймай, белсенді әрекеттерге кірісуі, қандастарымыздың үлкен тобының түрлі ислам атын жамылған діни ағымдардың, псевдодіндердің қатарына кіріп кетуі ғана емес, олардың кейбір бағыттарының күшейе түсуі мемлекеттік органдардың, жалпы көпшілікті бей-жай қалдырып отырған жоқ.

 Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды талдау, діндер мен діни бірлестіктердің қалыптасуы мен дамуы, экстремизм мен терроризмнің қауіптілігін көрсету және алдын алу, діни қатынастарды құқықтық реттеудің жетілдірілуі, елімізде белең алып отырған теріс діни ағымдардың және олардың миссионерлерінің азаматтарды өз қатарына тартудағы әдіс-амалдарын зерделеу мәселелері үнемі зерттеп отыруды қажет етеді.

Діни ағарту жұмысында жүйелілік принциптер, формалар мен әдіс-амалдарға негіздей отырып, ғылымилық, көпшілікпен байланыс, кешенділік, тұрақтылық, ауқымдылық сияқты қағидаттармен іске асыру ұсынылады.

– Лекторлар тобын жасақтау, олардың біліктілігін көтеру, сол негізде методологиялық семинарлар мен пікірсайыстар өткізу;

– интерактивті семинар-тренингтер өткізу;

– медия жоспарлар бойынша мақалалар тақырыптары мен мәтіндерін дайындап жергілікті және республикалық баспасөздерде, интернет сайттарында жариялау;

– мақсатты аудиторияларда көпшілік алдында дәрістер өткізу;

– кино және бейне фильмдер даярлау және оларды көрсету;

– лекторлар мен АНТ мүшелері үшін ақпараттық құралдар даярлап тарату (кітапшалар, буклеттер және т.б.);

– қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу;

– дін мәселесі жөнінде іргелі зерттеулер жасап монографиялар мен оқулықтар,оқу құралдарын даярлап, сараптамадан өткізіп, тарату. Бұл сала өте киын да күрделі жұмыс.

Бұл жұмыстар жүргізіліп те жатыр, алайда, дамытуды қажет етеді.
Деструктивті діни ағымдар мен псевдодіндердің идеологиясына пәрменді түрде қарсылық көрсетіп қана қоймай қазақстандық аудиториялардан ығыстырып шығару үшін өте жоғары деңгейдегі ұйымдастыру – идеологиялық, ақпараттық-насихаттық, діни ағартушылық жұмыстар қажет. Ал бұл жұмыстар жүйелі және тұрақты, табанды және принцпті түрде күнделікті жүзеге асырылып отырылуы тиіс.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМАЛАРДЫ «GRAMAD» САУДА ҮЙІНЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

azatmedia

…Құдайдан шипа сұрағандарды түсінбеймін

azatmedia

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

azatmedia