Соңғы жаңалықтар

Дәстүрлі дін мен фундаменталистік радикалды діндердің айырмашылығы

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен террозимнің таралуы мен дамуының себептері сыртқы және ішкі ықпалдардың ғана емес, сонымен қатар жасырын, жалған діни экстремистік және террористік идеологияның ықпалынан да туындайды.
Діни фундаментализм мен радикализмнің бір-бірінен айырмашылығын қысқаша былайша тұжырымдауға болады. Фундаментализм – бұл идеология, дүниетаным. Ал радикализм – бұл «мемлекеттің немесе қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын радикалды шаралардың көмегімен тез арада өзгертуге бағытталуын қолдау» (саяси анықтама). Радикализм – идеологияның өзі емес, ол идеологияны таратудың формасы. Зерттеушілер, фундаментализм өз мақсаттарына жету үшін радикалды болуы немесе болмауы мүмкін дейді. Бұл зерттеушілердің қысқаша қорытындысында діни экстремизм мынандай түрлі жағдайда көрінуі мүмкін дегенді айтады: фундаментализм радикаланған түрде (өз мақсаттарын іске асыруға), немесе радикалдық идеологияның ең шеткі түрі ретінде (көбінше – қандай да маргиналды діни топтарда), немесе басқадай түрде көрінеді.

Сонымен діни экстремизм дегеніміз не? Оның құқықтық табиғаты қандай? Діни экстремизм деген сөзді қолдану қисынды ма? Діни экстремизмнің анықтамасы қандай? Дінде экстремизм бола ма? –делінген сияқты мәселелер де ғылыми пікір-талас жүруде. Әсірес еәлеуметтік ғылымдар мен теология ғылымы арасында туындауда. Кейбір ғалымдар дінде ешқандай экстремизм болмайды деген ойда, ал басқа ғалымдар діни экстремизм құбылысы бар деген тұжырымды қолдайды. Бір ғалымдар экстремизмді дінмен байланыстырғысы келеді.

Діни экстремизм жөніндегі ғылыми пікір-талас әлі де тоқтаған жоқ. Әлемде әртүрлі дәстүрлі діндер, сонымен бірге дәстүрлі емес діни ұйымдар мен секталар бар екендігі баршаға белгілі. Әрине бұларды ұстанушылар мен жақтаушылары болатындығы табиғи заңдылық. Сол себептен де діни экстремизм туралы пікір-талас бір арнаға келе алмауда. Сондықтан да жалпы ғылымға тән шынайы ой тұжырымдама жасалуы қажет. Ең бірінші діннің құқықтық анықтамасын талдаудан бұрын, негізгі діндердің дін туралы өзіндік анықтамалары берілуітиіс деп есептейміз.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалған ер адамның мәйіті бес күннен кейін табылды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ОҚМПУ ЕЛІМІЗДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОО-НЫҢ АРАСЫНДА 3-ОРЫНДА

azatmedia

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» ЖҰМЫС ТАБУҒА ЗОР МҮМКІНДІК

azatmedia