Соңғы жаңалықтар

Азаматтарды жұмыспен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде азаматтарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы өңір әкімі 2021 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебінде толықтай тоқталып, баяндап өтті.

Қызылжар ауылдық округі бойынша жұмыссыздар саны 73 адамды құрайды. 2021 жылдың 9 айында кәсіпкерлік негізде 9 адам оқытылды. 48 адам бос жұмыс орындарына, 6 адам жаңа жұмыс орындарына, 7 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 адам жастар практикасына, 35 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жаңа бизнес идеялары бойынша 3 адамға қайтарымсыз грант алып берілді.

Қысқа мерзімді оқыту мен шағын несиелеу жоспары да толығымен орындалған. Азаматтарды бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша 34,4 пайызға, жаңа жұмыс орындары бойынша 52,6 пайызға, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 125 пайызға, жастар практикасы бойынша 44,4 пайызға, қоғамдық ақылы жұмыс бойынша 227,5 пайызға негізгі жоспар орындалған.

Қатысты жаңалықтар

С НАЧАЛА ГОДА ПОГАШЕНА ЗАДОЛЖЕННОСТЬ ПО ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЕ 1 959 РАБОТНИКАМ

azatmedia

Сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші өсіп келеді

azatmedia

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

azatmedia