Соңғы жаңалықтар

Қызылжар ауылдық округі электр қуатымен толық қамтылған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша мәселе жоқ. Бұл туралы өңір әкімі 2021 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебінде толықтай тоқталып, баяндап өтті.

Қызылжар ауылдық округі электр қуатымен 100 % қамтамасыз етілген. «Оңтүстік Жарық Транзит» Сарыағаш электр жүйесінің 2021 жылғы индикативтік жоспарына Қызылжар ауылдық округі аумағында 1 электртрансформатор күрделі жөндеуден өткізіледі. 1 қосымша трансформатор орнатылды. 3,5 шақырым ескі электр желілері жаңартылады. 70 ағаш электробағаналары темірбетонды электробағаналарына ауыстырылуда.

Демек өңірде сапалы электр қуатымен қамту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Ал орын алатын кішігірім ақаулар дер кезінде түзетіледі. Сондықтан тұрғындардың электр энергиясы бойынша талап-арыздары жоқ. Әкімдік алдағы уақытта да жоғары сападағы бақылау қызметін күшейтінін және инфрақұрылым мәселесіне келгенде асқан жауапкершілікпен жандасатынын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

В V МОЛОДЕЖНЫХ СПОРТИВНЫХ ИГРАХ ШЫМКЕНТЦЫ ЗАНИМАЮТ ВТОРОЕ МЕСТО

azatmedia

Amazon Is Skewing The Whole Country’s Retail Sales Data

azatmedia

Грант 2021: МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

azatmedia