Соңғы жаңалықтар

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ АРТУДА

Бүгін аудан әкімі М.Отаршиев Дербісек ауылдық округі, Атамекен елді мекеніндегі құрылыс жұмыстары аяқталған ауыз су жағдайымен танысып қайтты.Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі Атамекен елді мекенінде ауыз су мәселесі өзекті болып келген. Бұл мәселе биыл шешімін табатын болады. Атамекен елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «ТВИК» ЖШС тарапынан ұзындығы 5,374 шақырымды құрайтын ауыз су құбырын тарту құрылыс жұмыстары жүргізілген.Ауыз судың азабын тартқан ауыл тұрғындарына таза су тұтынатын күн алыс емес. Қазіргі таңда елді мекенде табиғи газ және жол құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, яғни жыл соңына дейін 2230-дан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЛА» ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

ӘДІЛЕТТІ, ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

azatmedia

Облыс әкімі журналистерге неге үйде тамақтанбайтынын айтты

azatmedia