Соңғы жаңалықтар

Қабланбек ауылдық округіндегі медицина мекемелері табиғи газбен толық қамтылған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында  атқарылған жұмыстар есебін берді. Онда өңір басшысы ауылдық округтегі көгілдір отынға қатысты соңғы атқарылған жұмыстар жайын сөз етті.  

Қазіргі дерек бойынша, Қабланбек ауылдық округіне қарасты 8 елді мекендегі 2883 тұрғын үй толығымен табиғи газбен қамтылған. Жонарық елді мекеніндегі елді мекен шегіне жаңадан енгізілген аумақтағы 62 тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалық сметалық құжаттамасын «МПК проект» ЖШС-і жасауда.

Ауылдық округі аумағында орналасқан 7 жалпы орта мектептің 5-і табиғи газбен, 2 мектеп көмірмен жылытылады. Яғни қысқа дайын деуге болады.

Медицина мекемелері де назардан тыс қалмаған. Барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Көгілдір отынмен толықтай қамтылғанын тілге тиек ете кеткен жөн. Осылайша өңірдегі табиғи газбен қамту жұмыстары жоғары деңгейде атқарылып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Діни таным: ақпарат пен ақиқат

azatmedia

Д.ҚЫДЫРӘЛІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДА ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ КУӘСІ БОЛСАҢЫЗ 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС НӨМІРІНЕ ХАБАРЛАСУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ

azatmedia