Әлем жаңалықтары

Үндістанда 70 жастағы зейнеткер тұңғышын босанды (фото)

Үндістанның Гуджарат штатында 70 жастағы әйел алғашқы перзентін дүниеге әкелді, – деп хабарлайды Lenta.ru.

Дживунбен Рабари мен оның 75 жастағы күйеуі Малдхаридің отасқанына 45 жыл болған. Олар осы уақытқа дейін қанша талпынса да балалы бола алмаған. Дегенмен мамандардың көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыру әдісі арқылы сәби сүю бақытына бөленген.

Әйелге ем-дом жасаған дәрігер Нареш Бханушалидің айтуынша, аурухана қызметкерлері зейнеткер мен оның күйеуіне мұндай жаста балалы болуға болмайтынын түсіндірген. Алайда олар өз дегенінен қайтпапты. «Олар дәл осындай қадамға барған туыстарының көп екенін айтты. Бұл менің есімде қалған сирек жайттардың бірі», – дейді Нареш Бханушали.

Жаңа босанған әйелдің нақты қанша жаста екені белгісіз, өйткені Дживунбен Рабаридің жасын растайтын ресми құжаттар жарияланбаған. Алайда үндістандық БАҚ-тың хабарлауынша, әжей 70 жаста.

Қатысты жаңалықтар

Бейруттағы жарылыс: Ливан үкіметі отставкаға кетті

azatmedia

Ливан астанасында тағы төтенше жағдай болды (ВИДЕО)

azatmedia

Әлемдегі ең танымал 10 тіл анықталды

azatmedia