Соңғы жаңалықтар

Көмегімен көпке үлгі

Танысыңыз. Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұрат Жолдыхожаев. 1987 жылы 19-қаңтарда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде дүниеге келген. Отбасылы. Бес баланың әкесі. Білімі жоғары. Құқықтану мамандығын меңгерген. 2013-2015 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысып, бизнес адымын кеңейткен азамат. Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының вице-президенті, «Джиу-джитсу Профи-файт» федерациясының вице-президенті.

Ол бұған дейін яғни, 2016 жылғы Мәжіліс пен мәслихат сайлауының қорытындысы бойынша Түркістан облысы, Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған. 2018 жылы депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын өз өтініші бойынша тоқтатқан. Сөйтіп 2018 жылдан бері жеке кәсіпкерлікке қайта бет бұрған.
Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының фракция мүшесі. Газетіміздің алдағы сандарында оның мәслихат корпусында атқарып жүрген жұмыстары туралы тарқатып жазылған материал ұсынамыз. Әзірге ол кісінің тізіп шықсаң үлкен тізім түгесілетін қайырымдылық көмегі туралы айтуды жөн санап отырмыз.

Мақсат – айқын. Қасиетті Рамазан айында ел ішінде жүрген епті жігіттердің сабақ болар сауапты істерін барынша насихаттау. Жуырда ол көмекке аса мұқтаж Шымкенттегі 40 көпбалалы анаға азыз-түлік себетін үлестірді. Сонымен қатар есігінің тұтқасын тартып келген біраз тұрғынның талап-тілектерін ескеріп, бірнеше топырақ жолдарға өз қаражаты есебінен шағал тас төсеп берген. Науқас баласының емі үшін қаржы жеткізе алмай жүрген бір анаға ақшалай жәрдем көрсеткен. Қайырымдылық жасап, жұртқа көмек беру оның туасы қасиеті сынды. Олай дейтініміз, Мұрат Жанабайұлы бұған дейін де, дәлірегі 2015 жылы Шымкент қаласындағы «Қажымұқан» спорт кешенінде Қазақ ұлттық жекпе-жек спорт түрінен әлем кубогын өз қаражатымен өткізген.

Сол жылы Ордабасы ауданындағы Бадам елді мекенінде «Райяна» балабақшасын салып берген. Сондай-ақ, “Райяна” спорт кешенін ашып, 150 баланы спортқа баулып отыр. Одан басқа жастарға арналған 100 адам шынығатын фитнес клуб салып, халықтың салауатты өмір салтын ұстануына септесін болып жүр. Бүгінде 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған Мұрат Жанабайұлы 2019 жылы Арыс қаласында болған жарылыстың салдарынан үйсіз қалған жерлестерімізге көп көмегін тигізген.

Оларға үйлерін жөндеуге қаражат беріп, алғыс арқалаған. 2020 жыл Мақтаарал ауданында болған сел салдарынан зардап шеккендерге қаржылай көмек беріп қана қоймай, гуманитарлық көмектер жолдаған. 2020 жыл пандемияға байланысты отбасылық жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға өз қаржысы есебінен азық-түлік себеттерін үздіксіз таратып келеді.

Ертең, яғни, қасиетті жұмада Мұрат Жолдықожаевтың тағы 50 отбасыға «Рамазан қоржынын» тарататыны сөзіміздің жарқын мысалы.

Ж.АРМАНОВА.

Қатысты жаңалықтар

Kaspi бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

azatmedia

«Бір өліп-тірілгем» – Ләйлә Сұлтанқызының жазбасы желіде қызу талқылануда

azatmedia

Сарыағаш: Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар баяндалды

azatmedia