Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АҚЖАЙЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, елдімекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов осы мақсатта Ақжайық және Достық тұрғын алаптарына барды.

Мақсұт Пернебайұлы елдімекендерді интернетпен қамту мәселесі бойынша цифрландыру басқармасының өкілдері және инвесторлармен бірге тұрғындармен кездесті.

Биыл Қаратау ауданына қарасты 4000-нан астам үйі бар Ақжайық шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстары атқарылып, басқармамен жеке инвесторлар тартылған болатын.

Бүгінде «i-LinkNet» ЖШС тарапынан 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылды. Оның ішінде 200-ден астам үй жоғары жылдамдықты сапалы интернетпен қамтылды.

Алайда шағынауданда интернетке қосылмаған үйлердің бар екендігі анықталып отыр.

Сонымен қатар, инвестор Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тарту жұмыстарын жүргізіп, тамыз айында толыққанды сапалы интернетпен қамтуды көздеуде.

Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда мердігер компания шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен қамтамасыз ететін болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫССЫЗ ЖӘНЕ NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ӨҢІРДЕГІ ЗАУЫТТАРҒА АПАРЫП, ЕҢБЕККЕ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

«Тұншығып өлеміз деп ойладым» – жезқазғандық әйел жантүршігерлік оқиғаны баяндап берді

azatmedia

Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

azatmedia