Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 6 КІТАПХАНА МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТКІЗІЛДІ

«Мәдениет саласында кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі таңда 6 кітапхананы модернизациядан өткіздік. Оның ішінде орталық әл-Фараби кітапханасы бар. Жыл соңына дейін тағы 4 кітапхананы жаңғырту жоспарда тұр. Өздеріңізге баяндағанымдай, кітапханалар «отбасылық кітапхана» концепциясымен дамып жатыр».

Осылай деген Шымкент қаласының әкімі қала тіршілігінде мәдениеттің алар орны ерекше екендігін айтты. 1 мамырда қаланың негізгі туристтік нысанына айналуға мүмкіндігі жоғары «Шымқала» тарихи – мәдени кешені ашылған. Қазіргі уақытта кешенді музейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Тарихи кешенде хауыз, аспан асты кинотеатр, музей болады.

Сондай-ақ, «ShymQala» этноауылы да ел игілігіне берілген. Этноауылда жыл бойы қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін болады.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін мәлімдеу кезінде «Бұл жетістіктің барлығы да Шымкент қаласы тұрғындарының бірлігі мен іскерлігінің арқасында болып отыр. Жыл соңына дейін де ойға алған жоспардың барлығы да орындалатынына сенімдімін» – деп сөзін түйіндеді.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ

azatmedia

М.ӘЙТЕНОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

azatmedia

Жастар арасында діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуы

azatmedia