Шымкент қаласында 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Ashyq» мобильдік қосымшасы іске қосылған болатын. Жоба 1-деңгейге шектеулерді әлсірету жолымен шағын бизнеске шектеу шаралары кезеңінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, «қызыл» аймақтағы кәсіпорынға «сары» аймақтың қағидалары бойынша індетті жұқтырғандар мен олармен қатынаста болғандарды кіргізбей, жұмыс істеуге рұқсат етіледі (кеш уақыттары,демалыс күндері және т.б.).
2021 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша «Ashyq» жобасына қатысу үшін қала бойынша 1148 өтінім берілді (оның ішінде 31 ерікті қатысушы – қонақ үйлер, университеттер, түзеу мекемелері, әскери бөлімдер, ХҚКО, хайуанаттар бағы, цирк, денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаменті, Шымкент қаласының соты). Қала бойынша барлығы 649 QR код берілді. Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында оның 574-і орналастырылған.
Мобильдік қосымша Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған (Ұлттық сараптама орталығы, бірыңғай ПЦР-зерттеулер порталы, COVID-19 бақылау орталығы, жекеше ПЦР-зертханалар, Президент Іс-Басқармасының Медицина орталығы) және ПЦР-тестер мен санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер деректерін пайдаланады.
Ғимаратқа кірер алдында қолданушы смартфонмен QR-кодты сканерлейді (немесе жеке куәлігін ұсынады) және өзінің мәртебесін көрсетеді. Ақпараттық жүйелермен салыстырып тексеру негізінде сіздің мәртебеңіз анықталады: «қызыл» – ПЦР-тесттің оң нәтижесі, «сары» – қатынаста болған, «көк» – ПЦР-тест міндетті болып табылатын орындарды қоспағанда еркін жүріп-тұру, «жасыл» – ПЦР-тестің теріс нәтижесі.Техникалық қолдау қызметі бойынша азаматтар үшін 14-14, бизнес үшін 14-32 байланыс қызметі жұмыс істейді.