Соңғы жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ОҢАЛТУ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРМЕН ПОРТАЛ АРҚЫЛЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғаннан бері биыл мүмкіндігі шектеулі жандар 10 694 оңалту техникалық құралдарымен қамтамасыз етілді. Аталған порталдың мақсаты – мүгедек жандардың керекті құралдары мен қызмет түрлерін алу шарасын оңтайландыру.

Қазіргі кезде портал қызметі арқылы уақыт жағынан үнемдеуге болатын болды. Бұған дейін мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс беру процессі 6 айға дейін созылатын. Ал бүгінде порталда тапсырыс берген күннен бастап үйге жеткізуге дейін 15 күн кетеді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарының 55 түрін және қызметтердің 3 түрін мүмкіндігі шектеулі жандардың электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, тапсырыс береді.

Сондай-ақ, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерін пайдаланады. Ағымдағы жылдан бері жеке көмекшінің қызметтеріне 1721, ымдау тілі мамандары тарапынан 322 мүмкіндігі шектеулі азамат жүгінген.

Айта кетейік жеке көмекші мен ымдау тілі қызметінің басты идеясы – мүгедектерді әлеуметтік қызметкердің қамқорлығымен жұмысқа, оқуға, дүкенге бара алатындай жағдай жасау. Осы арқылы мүгедектігі бар азаматты әлеуметтендіру. Бүгінде Шымкентте 22 ымдау тілі маманы қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысы 1 мүгедек азаматпен 4-5 сағат жұмыс істейді.

Қатысты жаңалықтар

ӨМІРІ ӨНЕГЕ ОЗҒАНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Сарыағаш: Дербісек шаруалары көкөніс өсіріп, көл-көсір пайдаға кенеліп отыр

azatmedia

АКИМ ГОРОДА ПРИНЯЛ СПОРТСМЕНОВ, КОТОРЫЕ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В XXXII ЛЕТНИХ ОЛИМПИЙСКИХ ИГРАХ

azatmedia