Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ-ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА

Шымкенттіктер қайырымдылық жасаудан, бір-біріне мейірімділік, ізгілік танытуда да белсенді екенін көрсетті. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты «Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық жүйесі» тақырыбы бойынша сараптамалық баяндама жасап, халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген болатын. Соның нәтижесінде Шымкент халқының 75,8%-ы қайырымдылыққа оң көзбен қарайтыны белгілі болды. Айта кетейік, бірінші орында – Нұр-Сұлтандықтар тұр. Шымкенттіктер «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген ұстанымда. Қала тұрғындары аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іс әр адамның азаматтық парызы деп біледі.Сауалнама нәтижесі бойынша қайырымдылық жасауды құп көретіндер тізімін 87,7%-бен Нұр-Сұлтан халқы бастап тұр. Біз екінші орындамыз. Үшінші орында – түркістандықтар. (74,5%).Сауалнаманың қорытындысы бойынша, Қостанай халқының 88,9%-і қайырымдылық жасауға жағдайдың жоқтығын айтқан. Жамбыл облысы 82,1% көрсеткішпен екінші орында. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан Атырау облысының 78,9% халқы да қайырымдылыққа жасауға мүмкіншілігі жоқтығын көрсеткен. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл сайын ұйымдастырылатын «Жомарт жүрек» сыйлығының 2020 жылғы жүлдесін біздің өлке меценаттарының бір емес, үшеуі иемденді. Атап айтсақ, туған жерде ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, жетімдер мен мүгедектерге, зейнеткерлерге үздіксіз көмек көрсеткені үшін «OtauGroup» холдингінің президенті Қайрат Молдасейітов «Жыл меценаты» атанса, белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы ауқымды қайырымдылық қызметі үшін «Корпорация «Береке» А» ЖШС Бас директоры Рәшкүл Оспаналиева «Жыл тұлғасы» номинациясын иемденді. Ал денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін және елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, гүлзарларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын қайта құру мен салуға атсалысқан «Ақ Орда корпорациясы» ЖШС директоры Садулла Қалыбеков «Туған өлке» номинациясымен марапатталған болатын. Сондай ақ, биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жалғасып жатыр. Бүгінде тек жоба үшін емес, өңіріміздің жеке азаматтары мен науқас балаларға, балалар үйлері мен жалғызілікті аналарға, тұрмысы төмен отбасыларына қолдау көрсетіп, қолұшын беріп жүрген, онысын жария етуден аулақ азаматтар көп. Қайырымдылық жасау – науқандыққа сай келмейтін іс. Әлі де алға қарай ұмтылуымыз керек. Шымкент – қазақтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрді ерекше құрметтейтін, тұрғындары еңбекқор, ерекше қала екеніне қызығатындар көп қой. Ендеше, қызықтыра да, қызғандыра да берейік!

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ГОРОДА ОЗНАКОМИЛСЯ СО СТРОИТЕЛЬСТВОМ МНОГОЭТАЖНЫХ ЖИЛЫХ ДОМОВ

azatmedia

Түркияны тоқтатпасақ бүкіл Ресей соғыс ортасында қалуы мүмкін – Жириновский

azatmedia

Келестік шаруалар жылына екі өнім жинамақ

azatmedia