Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН ШЫМКЕНТТІК ТРАНСПЛАНТОЛОГ-ДӘРІГЕР ҚАТЫСТЫ

Ресейдің Мәскеу қаласында трансплантолог дәрігерлердің қатысуымен халықаралық 9-шы ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық жиынға Ресей, Түркия, Италия, Қазақстанның танымал, жетекші трансплантолог мамандары қатысты. Басқосуда медицина мамандары органдарды трансплантациялауды дамыту мәселелерін, сондай-ақ транспланттау жүйесін ұйымдастырудың озық тәжірибелерін талқылады. Айта кету керек, конференцияға Қазақстаннан алғаш рет ТМД елдеріне танымал, тәжірибелі трансплантолог – хирург, Шымкенттегі №1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Донбай Абылай қатысты. Ол «Туыстық бауыр трансплантациясының техникасы» атты баяндама жасады.- Бауыр трансплантациясы техникалық тұрғыдан әлдеқайда қиын. Бауырда тамыр көп. Донордан бауырдың жеткілікті мөлшерін кесіп алу да екінің бірінің қолынан келмейді. Өйткені донордың ағзасы қалыпты тіршілігін жалғастыруы үшін қажет мөлшерде бауыр қалуы керек. Реципиентке салған бауырдың толық жұмыс істеп кетуі де қосымша көп ықпал жасауды қажет етеді, – дейді білікті дәрігер. Абылай Донбай өзінің біліктілігінің арқасында 600 -ден аса науқасқа ота жасап, екінші өмір сыйлаған. Осы жылы бауыр трансплантациясын 5 сағат 48 минутта жасап, Қазақстанда рекордттық көрсеткіш жасаған болатын.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

azatmedia

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ

azatmedia

Қытайлық әскери ұшақтардың басып кіргені белгілі болды

azatmedia