Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар тұрғын үй, инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысымен танысты, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Шаһар басшысы алдымен Әкімшілік – іскерлік орталығы Арғынбеков көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің (№1, №2, №3, №4 тұрғын үйлер) құрылыс барысын аралап көрді. Мұнда №2 және №3 үйдің құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС, №1 және №4 үйдің құрылысын «Орион ЛТД» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Мердігер мекеме төрт үйді де биыл аяқтауды жоспарлауда. Атап айтқанда, №3 үй маусым, №2 үй шілде, ал №1 және №4 үй қараша айында тапсырылады. Пәтерлердің жалпы ауданы – 14 074,0 шаршы метр.Сондай-ақ, қала әкімі Арғынбеков көшесі үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымының құрылысын да пысықтады. Мердігер мекеме «Ынтымак Бес – Арыс» ЖШС құрылысты тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, мұндағы жылу жүйесі – 0,629, су жүйесі – 0,363, кәріз жүйесі – 0,194 және байланыс желісі – 1,627 шақырымды құрайды.
Алдынғы жаңалық