Соңғы жаңалықтар

ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді.Басқарма басшысы тікелей эфир арқылы жалпы жол құрылысы және қоғамдық көлік саласы бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды.Жалпы, Шымкент қаласында қоғамдық жолаушылар тасымалдайтын 18 жекеменшік көлік компаниялары күнделікті 79 маршрутта, 882 көлік құралдарымен жолаушыларға қызмет көрсетіп жүр.«Автобустық тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешендік бағдарламасына» сәйкес қоғамдық көліктерін жаңарту мақсатында жасалған механизмге сәйкес, «Shymkent» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мы арқылы бірыңғай оператор болып анықталған «БРК-Лизинг» АҚ-мен шарт түзілген болатын. Осыған орай 2020 жылы сыйымдылығы үлкен, сығымдалған табиғи газбен (метан) жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды, бүгінгі танда оның 300 жаңа автобусы қаланың орталық негізгі 27 маршрутында жолаушылар тасымалдануда. Ал аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету мақсатында қосымша газ станциясы ашылды.Ал 2020 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі саласын реттеу, жүйелендіру және дамыту мақсатында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Оған қоса 78 маршрутты құрайтын, жаңа маршруттық желісін енгізу жұмыстары да атқарылуда. Бүгінгі таңда аталған маршруттық желісіне сәйкес 57 маршрут қызмет көрсетіп жүр.Сондай-ақ, басқар басшысының айтуынша ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласында 134 жаңа және 2020 жылдан 34 өтпелі, жалпы 170 нысанды (295,3 шқ. қамтылған) іске асыру жоспарланған. Жоспар нақты орындалса жыл қорытындысымен 155 нысан немесе 248,8 шақырым пайдалануға берілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

Найзағай ойнап, жел соғады

azatmedia

АТАЛАРЫ АҒАШТЫ ТАМЫРЫМЕН ЖҰЛҒАН

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫ АЙМАҒЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia