Соңғы жаңалықтар

ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ КУРСАНТТАРЫ ӨЗДЕРІН ОФИЦЕР РӨЛІНДЕ СЫНАП КӨРУДЕ

Шымкент гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімдерінде Радиоэлектроника және байланыс әскери – инженерлік институтының төртінші курс курсанттары әскери тағылымдамадан өтуде. Бірінші күннен бастап курсанттар әскери тағылымдамадан өту үшін тағайындалған әскери лауазымдардың міндеттеріне сәйкес қызметтеріне кірісті.- Бір ай болатын тағылымдама аясында біз өзіміздің әскери мамандығымыз бойынша қажетті білім мен тәжірибе аламыз, қару – жарақ пен әскери техниканың түрлі үлгілерін зерттейміз және солармен жұмыс істейміз. Сондай-ақ, командалық – әдістемелік дағдыларды арттыру үшін біз бөлімшелер командирлері мен қызметтер бастықтарының міндеттерін орындаймыз, ішкі тәртіпті қадағалап, жауынгерлік әзірлікті тексеруді жүзеге асырамыз, – деп бөлісті төртінші курс курсанты Әлібек Мұхамедияров. Тағылымдама барысында болашақ офицерлер дипломдық жұмысты дайындау және мемлекеттік емтихандарды тапсыру үшін қажетті білім алады. Курсанттар үшін әскери тағылымдамадан өту – бұл пайдалы білім және тәжірибе жинау мүмкіндігі. Тәжірибелі офицерлердің басшылығымен олар бөлімшелердің жеке құрамымен үнемі байланыста болады.Бұдан басқа, болашақ офицерлер жергілікті мектептердің оқушыларымен кездесулерге қатысып, Радиоэлектроника және байланыс әскери – инженерлік институтына түсу тәртібі туралы түсіндірме жасайды.

Қатысты жаңалықтар

Владимир Путин 68 жасқа толды

azatmedia

Дін және рухани салт-дәстүрлеріміз бен жалпы адамзаттық құндылықтарымыз

azatmedia

«Ешкімнің мұрнын бұзған жоқ»: Қайрат Нұртастың өкілі төбелеске қатысты

azatmedia