Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов қаладағы Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысына байланысты газдың уақытша өшірілетіндігі жөнінде баспасөз брифингін өткізді.Қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаға сәйкес, қысымы жоғары диаметрі Ø 315 мм газ құбырының орнын ауыстыру жұмыстары қарастырылған болатын. Соған орай орны ауыстырылған газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу қажеттілігі туындап отыр.Басқарма басшысының айтуынша, бұл жұмыстар жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 10 маусым күні сағат 9:00-ден 11 маусым сағат 15:00-ге дейін атқарылады. Аталған газ құбырынан Шымкент қаласының Төменгі Отырар шағынауданында 600 пәтер, Рысқұлов – Қонаев – Дулати – Байтұрсынов – Жандосов көшелері орамында және Рысқұлов көшесінің солтүстік беткейінде орналасқан ғимараттар, тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар газ желісімен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісі толығымен уақытша сөнеді. Жоғарыда аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісімен қамтамасыз етілетін ғимараттар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және маңыздылығы жоғары мекемелерді қосу жұмыстары кезінде газдың уақытша сөнетіні туралы қала тұрғындарын ақпараттандыруды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз.Сонымен қатар, газ желісін қайта қосқанда үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету мамандарының және тұтынушылардың газ жабдықтарына тексеру жұмыстарын жүргізуін және мұқият болуларын сұраймыз.
Алдынғы жаңалық