Соңғы жаңалықтар Шоу-бизнес

«Арамызда неке жоқ» – Ерке Есмахан жеке өмірі туралы жазды

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Әнші ғашығы екеуінің қарым-қатынасы жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан өз жанкүйерлеріне барынша ашылып, Instagram желісінде олардың көкейінде жүрген басты сауалдарға нақты жауап беріп өтті.

Эстрада жұлдызы өзінен 9 жас кіші Азамат Зенкаевпен арасында неке жоқ екенін ашық айтты. Оған қоса, өнер иесі сүйіктісімен бірге тұратыны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

«Аяғым ауыр емес. Арамызда неке жоқ. Заңды түрде үйленген жоқпыз. Бірге тұрмаймыз. Тек бір-бірімізді танып, біліп кездесіп жүрміз. Әрі қарай бұл сезімнен қандай шешім болады оны Алла біледі. Бәрі уақыттың еншісінде», – деп жазды Ерке Есмахан.

Қатысты жаңалықтар

«ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?»

azatmedia

Алматыдағы жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды (видео)

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 257 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

azatmedia