Соңғы жаңалықтар

ЖАЛҒА БЕРІЛГЕН БАСПАНАНЫҢ 50 ТҰРҒЫНЫНА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері қолданыстағы 684 пәтерге тексеру жүргізіліп, мақсатсыз пайдаланған 50 адамға ескерту берілді. Яғни тексеру нәтижесінде 50 азаматтың тұрғын үйді жалдау шартында көрсетілген талаптарды орындамағаны анықталып, қазіргі таңда азаматтарға бір реттік ескерту актісі толтырылды. Егер ескерту хатынан кейін де жалдамалы тұрғын үйді жалдау келісімшартының талаптары орындалмаған жағдайда аталған келісімшарт тұрғын үй басқармасымен бір жақты бұзылады. Жалға берілген баспананы мақсатсыз пайдаланғаны үшін жалдамалы тұрғын үй қайтарылып алынуы мүмкін. Сонымен бірге, Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасы тарапынан пайдалануға берілген арендалық тұрғын үйлерді басқарма мамандарымен тұрақты тексеру жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда жалдау шартының 5-бөлігінің 12 тармағының 1- тармақшасына сәйкес жалға алушы тұрғын үйді мақсатына сай пайдалануы міндетті. Яғни берілген жалдамалы пәтерлерде келісімшартта көрсетілген азаматтар тұруы тиіс. Егер де арендалық тұрғын үйде жалдау шартынан тыс азаматтар қоныстанған жағдайда немесе бөгде азаматтарға жалға берілген болса және тағы басқа да мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда келісімшарттарды бір жақты бұзуға, сот органдарына пәтерді босату жөнінде талап-арыздар беріледі. Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 2020 жылы жалға берілген 1800 пәтерге тексеру жүргізіліп, 189 азаматқа ескерту жасалған. Нәтижесінде, мақсатқа сай пайдаланылмаған 2 пәтер қайтарылып алынған. Құрметті, қала тұрғындары! Тексеру барысында жоғарыда аталғандарға сәйкес мақсатқа сай пайдаланылмайтын пәтерлер туралы нақты ақпараттарыңыз болса тұрғын үй басқармасына жедел хабарлауыңызды (56-62-90, 56-62-98 тел нөміріне) және соған сәйкес мамандар тарапынан түзілген актілерді растауды сұраймыз.

Қатысты жаңалықтар

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМАЛАРДЫ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСТІ

azatmedia

ЖОЛДАУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

azatmedia

«Сорақылық қой!»: қашықтан оқыту кезінде тағы да порнографиялық бейнежазба қосылды

azatmedia