Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі. Әлеуметтік бағыттағы түрлі сұрақтардың да «қызуы көтеріліп» жататын жері осы Қоғамдық қабылдау алаңы. Қолға алған істері түрлі себептерге орай тиянақ таппағандықтан «Nur Otan» партиясын арқа тұтып, бір көмектің болатынына сеніп келеді. Бүгінгі Ордабасы аудандық партия филиалының бірінші орынбасары, халық қалаулысы Бердімұрат Әлиасқар Байдуллаұлы аудандық филиалының ғимаратында санитарлық талаптарды сақтай отыра қоғамдық қабылдау өткізді. Ынталы ауылының тұрғыны М.Исламов Қажымұқан ауыл округі Ынталы, Амангелді ауылдарында 4000-дай тұрғын бар, осы екі елді мекеннің табиғи газбен қамтамасыз етілуге тиісті жұмыстар жүргізілсе екен деп келген болатын. Қоғамдық қабылдауға келген Темірлан ауылының тұрғыны Е.Аскаров Абылайхан атындағы көше төсендісінің тозығы жеткен, соған жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе екен деп өтінішін білдірді, сонымен қатар К.Мәмбетәлі Темірлан ауылындағы «Бәйтерек» жалпы орта мектебіне баратын Рахиев атындағы көшесіне оқушы балалар қауіпсіздігі үшін аяқжол төселінсе екен деп сұранды. Нәтижесінде:Ынталы ауылының тұрғыны М.Исламовтың өтініші бойынша жалпы аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын, Ынталы, Амангелді елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін Республикалық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, нысан жұмысы келесі жылға өтпелі, құрылыс –монтаж жұмыстары биыл басталады, алдағы уақытта бұл мәселе оң шешімін табады – деп жауап берілді. Екінші мәселе бойынша Темірлан ауылы Абылайхан атындағы көшеге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында аудандық бюджеттен қаржы қаралып, биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінің айтты, сонымен қатар Темірлан ауылы Рахиев атындағы көшеге де «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында аудандық бюджеттен қаржы қаралып, биыл абаттандыру жұмыстары жүргізілетінің, жалпы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген – деп Ә.Бердімұрат жауап берді.Қоғамдық қабылдауда болған ауыл тұрғындары жетекші партия тарапына алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қатысты жаңалықтар

ПРИНИМАЮТСЯ ЗАЯВКИ НА РЕГИОНАЛЬНЫЙ ЭТАП КОНКУРСА «ЕҢБЕК ЖОЛЫ»

azatmedia

Жылаған бүлдіршін үшін өмірін қатерге тіккен қазақстандық ел ықыласына бөленді (видео)

azatmedia

ТҮРКІСТАН-БӘЙДІБЕК: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» марафоны жалғасуда

azatmedia