Соңғы жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА ОҚУ ЖЫЛЫН 1823 ТҮЛЕК АЯҚТАДЫ

Еліміз тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Ордабасы ауданында 32 мектеп, 2 мемлекеттік балабақша, 41 жекеменшік балабақша құрылысы бітіп, жалпы 75 білім беру мекемесі ел игілігіне берілді. Соның бірі – «Темірлан» жалпы орта мектебі. Үш ауысымда білім алған мектеп 2020-2021 оқу жылында жаңа ғимаратқа қоныстанып, қуанышқа бөленген болатын. Қазіргі таңда оқыту жүйесі карантин талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған мектепке арнайы барып, мектеп бітіруші түлектердің қуанышын бөлісті. Аудан басшысы ұстаздар мен ата-аналарға ұрпақ тәрбиесіндегі еселі еңбектері үшін алғысын жеткізіп, түлектерге ақ жол тіледі. – Түлектерімізді мектеп қабырғасында алған білімдері мен қалыптасқан ұстанымдары жаңа шыңдарға жетелесін. Жастарымыз ұлы тұлғалардың ізін басып, киелі елдің құрметті азаматтары болуға ұмтылсын. Ел алдындағы парызына адал болсын! – деді аудан басшысы өз құттықтауында. Биыл Ордабасы ауданындағы мектептерден 1823 түлек қанаттанып ұшса, оның 1435-і Ұлттық бірыңғай тестілеуде білімін сынамақ. 150 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. 76 бала – үздік аттестат иегері.

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай береді – видеонұсқау

azatmedia

Қарабақ соғысының қаһарманы – қазақ

azatmedia

Әлеуметтік желіні шулатқан ордабасылық мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатысты тың дерек шықты

azatmedia