2021 жылғы 4 айда Ордабасы ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 22 млрд. 834 млн. теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 млрд. 255 млн. теңгеге артты. Ордабасы ауданында атқарылған шаруалар «Алатау» медиа орталығында өткен баспасөз брифингінде баяндалды. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков жыл басынан бері жүзеге асқан жобалардыда тілге тиек етті. Бұл туралы «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ағымдағы жылдың қантар-сәуір айларында өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 22 млрд. 833 млн. теңгені құрап 22,9 пайызға артқан. Ауыл шаруашылық саласында 10 млрд 848,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп 104,9 пайызды құрады.Бүгінгі таңда ауданда өнеркәсіп саласында 39 кәсіпорын бар.Осы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-сәуір айында 8 млрд. 077 млн. теңгені құраған.
Ауданда құрлыста қарқынды. Жыл басынан бері орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд 343 млн. теңге. 2021 жылға аудандық бюджеттен 5 көшенің 4,8 шақырымына жарықтандыру құралдарын орнату, электр желілері мен бағаналарды жаңарту бойынша 24 көшеде жұмыстар жүргізілмек.
Аудандағы 57 елді мекеннің 7 –уі табиғи газбен қамтылған. Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен 5 елді мекеннің табиғи газ жүйесінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 22 елді мекенінің республикалық бюджеттен қаржысы қаралған. Оның ішінде: 4 елді мекенінің табиғи газ жүйесін жүргізуге бүгінгі таңда мердігер мекемемен келісім шарт түзіскен. Қалған 18 нысанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.