Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ 1-КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Е.Құлтаевтың қатысуымен «Ұлттық халық санағы – 2021» тақырыбында брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ерназар Сейітханұлы халық санағының маңыздылығына тоқталып, І кезеңі басталғанын хабарлады.– Ұлттық халық санағы еліміздегі халықтың нақты жағдайын біліп қана қоймай, демографиялық, әлеуметтік және саяси өмірдің көптеген аспектісі бойынша жағдайын болжауға мүмкіндік береді. Бұл ретте халық санағының дайындық кезеңі 2021 жылдың маусым айының 1 мен 30 аралығында өтеді. Интервьюерлер тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың, құрылыстардың, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. Аталған кезеңде аудандастыруға дайындық жүргізіледі. Осы орайда қала әкімдігінің қолдауымен санақ жүргізетін тіркеушілерді қоғамдық көлікте тегін жүру қарастырылды, – деді департамент басшысы.Спикердің сөзінше, негізгі кезең осы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында өтеді. Халық санағынан онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да өтуге болады. Санақтың алғашқы 45 күнінде «sanaq.gov.kz» сайты немесе «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде қатысуға мүмкіндік бар. Бұл ретте тұрғындардың ақпараттық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, санақ барысында Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады. Яғни, сұрақтар тізбесі айтарлықтай ұлғайтылған. Мұнда 67 және оған қосымша 20 нақтылаушы сауал кірістірілген. Осы орайда қалада санақ жүргізуге 300-дей жұмыс күші тартылған. Олардың көбісін жастар құрап отыр.Сонымен қатар, дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында өтеді. Бұл белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі. Айта кетейік, «Қазақстанда әркім маңызды!» ұран сөзімен өтетін ұлттық санақ кезінде арнайы call-орталығы («1446») жұмыс жасайды. Елдің барлық аумағында істейтін бұл бірыңғай нөмірге қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөміріне хабарласуға болады.

Қатысты жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛІП ТҰРАДЫ

azatmedia

Қажымұқанның біз білмейтін ұрпақтары Францияда тұрады

azatmedia

Әлемдегі ең бай адамның табысы 200 миллиард долларға жетті

azatmedia