Соңғы жаңалықтар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ШИПАЖАЙДА ТЕГІН ЕМ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының 1000-ға жуық азаматы жыл басынан бері еліміздің түрлі шипажайларында тегін емделді. Оның ішінде 736 жолдама зейнет жасындағыларға, 393 жолдама мүгедектігі бар азаматтарға берілген. Бүгінде тағы 4 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жолдама беру жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Биыл қаңтар айынан бастап «Әлеуметтік портал» арқылы мүгедектігі бар азаматтар үйінде отырып-ақ өз таңдауы бойынша қалаған шипажайына тегін жолдама ала алады. Айта кетейік, мүгедек азаматтың жеке оңалту бағдарламасында санаторлық-курорттық емделу болған жағдайда ғана 14 күн тегін ем қабылдайды. Басқарманың мәліметінше, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және оларға теңестірілген азаматтарға, тыл ардагерлеріне, зейнет жасындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері шипажайда қызмет түрін 100 пайыз тегін алады. Ал зейнет жасындағы азаматтарға жолдама құнының 50 пайызын төлеумен беріледі. Яғни, мемлекет тарапынан 6 күн тегін қызмет алып, ұнаған жағдайда қалған 6 күннің ақысын өз қалтасынан төлеп шипажайда қалса болады. Биыл Шымкент қаласында орналасқан «Денсаулық» шипажайы мен Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласындағы «Айша бибі» шипажайлары қызмет көрсетуде. Шипажайлардағы ем-дом жұмыстары мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылады. Ол үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, С.Бәйтереков көшесі 89, мекенжайы бойынша өтінім қалдыру керек. Жолдама кезек бойынша таратылады. Кезекке тұру үшін жеке куәлігі мен 068 нысанындағы анықтама қажет.

Қатысты жаңалықтар

Дербісекте ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КƏСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia