Соңғы жаңалықтар

«Тату көрші туысың» атты кездесу кеші өткізілді

Биылғы жыл еліміз үшін аса маңызды тарихи кезең – ел еңсесін тіктеп, тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 30 жыл. Даму, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыруда қоғамдық келісім мен ұлтаралық үйлесімнің маңызы зор. Осы орайда бірліктің төлсипатына айналған Ордабасы ауданында тағы бір ізгілікті шара өтті. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында өңірдегі үш этно-мәдени орталық филиалдары бас қосып, «Шаңырақ» клубына бірікті. Ол үшін аудандық Мәдениет үйінен арнайы бөлме жасақталып, пайдалануға берілді. Бірлестіктің ашылуына қатысқан аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков:- Ауданымызда жалпы 121 мың тұрғын бар болса, оның 4,1 пайызын 16 ұлттың өкілдері құрайды. Олар бір атаның баласындай, ортақ мақсат пен мүдде үшін қатарымызда еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Славян, күрді, түрік этно-мәдени орталықтарының филиалдарының басын біріктіріп, ашылған «Шаңырақ» клубы келешекте де ауданымыздағы татулықты нығайта түсуге жұмыс жасайды деп сенемін, – деді. Славян ұлттық этно-мәдени орталық филиалының төрайымы Наталья Вуйко, түрік ұлттық мәдени орталық филиалының төрағасы Тазабек Ахметов аудан басшысына көрсетілген қолдау үшін алғысын жеткізіп, ізгі ниеттерін арнады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 9 АЙДА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

Malaysian PalmOil Price Erases Gains on Weaker Soyoil

azatmedia

Д. Кыдырали: Казахский язык должен быть языком единства

azatmedia