Соңғы жаңалықтар

Есеп беру – сайлау конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының есеп беру- сайлау конференциясы өтті.Конференция жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы Н.Ә.Турашбеков төрағалық етті. «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының XLV есеп беру –сайлау конференциясына «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңес мүшелері Әбіш Дулатбек Назарбекұлы, Ибадуллаев Серікбай Ибадуллаұлы және бастауыш партия ұйымдарынан делегаттар қатысты. «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердімұрат Әлиасқар Байдуллаұлы «Ордабасы аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары, алдағы атқарылатын жоспарлары туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – партияның 7 серпіні» атты партияны қайта жаңғырту бағдарламасы басшылыққа алынып, партия жұмысын ілгерілету, қоғамдағы ең өзекті әрі аса маңызды мәселелерді айқындап шешу жұмыстары жанданғанын атап өтті.Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмалары және «Nur Otan» партиясының Ордабасы ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасына енген 116 жобаны алдағы 5 жылда іске асыру жоспарланғанын және осы бағытта «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы жанынан 9 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы құрылып, ережелері бекітілген баяндады.Былтырғы жылғы өткен праймеризде 52 үміткер өтініш беріп, праймериз қорытындысымен 36 үміткер аудандық және облыстық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелгенін, сайлау нәтижесімен «Nur Otan» партиясы 89,7 пайызбен жеңіске жетіп, аудандық маслихатта 16 мандатқа ие болғанын атап өтті. «Әлемді шарлаған індетке байланысты жарияланған Пандемия кезеңінде Елбасымыз бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан аудандағы 1251 отбасыға 50000 теңгеден бір реттік қаржылай көмек берілгенін, сондай-ақ аудандық филиалдың ұйымдастыруымен, кәсіпкерлеріміздің қолдауымен «Біз біргеміз» акциясы аясында 1862 отбасыға бір реттік азық-түлік себеттері және аудандық ауруханаға 5 тыныс алу аппараттары табыс етілді. 2020 жыл қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1042 адам жүгінген, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артқанын атап өтті. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 437 (42%) өтініш оңтайлы шешіліп, 605 (58%) өтінішке заң аясында кеңестер берілген. «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы торағасының бірінші орынбасары Ә.Бердімұраттың баяндамасын тыңдап, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық Саяси кеңесінің мүшесі Ибадуллаев Серікбай Ибадуллаұлы , «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық Саяси кеңесінің мүшесі, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Әбіш Дулатбек Назарбекұлы және партия ардагері, ауданның «Құрметті Азаматы» Жәкей Бостандық Бөпешбайұлы сөз алып, аудандық партия филиалының жұмыстарына оң баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Конференцияның күн тәртібіндегі мәселер бойынша «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын бекітіп, Түркістан облыстық партия филиалының ХLІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлады.

Қатысты жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ: МЕКТЕП ПЕН БАЛАБАҚШАҒА БАРАР ЖОЛДАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУЫМЫЗ КЕРЕК

azatmedia

Ұлы туған анасын ұрып өлтірген

azatmedia

ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАНДА ӨНЕР КӨРСЕТІП, ҰШАҚ ЖАСАТҚАН

azatmedia