Соңғы жаңалықтар

Қажымұқан – қазақ балуандарының бренді. Кинодағы Қажымұқан …

Кезінде «Қажымұқан» фильмі арқылы жұртшылыққа танымал болған балуанның рөлін сомдаған, бүгінде «Қажымұқан» қо­ғам­дық қорының төрағасы Леухан Бек­бо­лат ағамызды да осы астан кездестірдік. Әң­гімеге де тарттық. «1983 жылы Ле­нин­шіл жас га­зетіне «Қа­жы­мұқан кім болады?» деген мақала шыққан болатын. Сол ма­қа­лада ба­луан баба­мыз­дың рөлін сомдауға қа­тысты конкурс жария­лан­ғаны жазы­лып­ты. Жас шамасы, бойы, түр әлпеті туралы бір­шама талаптар көрсетіліпті. Мен ол кезде Оңтүстік Қазақ­стан об­лы­сының Шар­да­ра ау­да­нындағы Достық сов­хо­зында ме­ха­ни­за­тор бо­лып істейтінмін. Жасым – 30-да. Газеттен кон­курс­ты оқып, соған ниет­тен­дім. Кон­курс талабы бойынша салмағы мен бойы көр­се­тіліпті, сосын күрестен хабары бар жігіт­тер ша­қы­ры­ла­тын­ды­ғы жа­зы­лыпты», – дей­ді «кинодағы Қа­жы­мұ­қан». Сөйтіп, «Қа­жы­мұ­қан кім бола­ды­ның?» арқасында газет­тен жауап алып, ауыл­да жүр­ген ме­ха­низатор Ал­ма­тыда өтетін үлкен кон­курс­тың ортасына топ ете түседі. Республика бойын­ша 210 жігіт қа­тысқан конкурстың іріктеуі 3,5 ай шама­сында өткен екен. «Спорт­шы­лардың ара­сын­да Еуропа чемпиондары, еліміздің біріншіліктерін бермей жүрген жігіттер де баршылық болатын. Әйткенмен, комиссия ойда-жоқта мені таңдады. Сосын 1984 жылы кино толық түсіп бітіп, 1985 жылы бүкіләлемдік студенттердің фес­ти­ва­лінде Мәскеуде алғаш рет тұсауы кесілді. Одан кейінгі жылдары шетелдерде өткен фестивальдардың барлығына қатыстым», – дейді Л. Бекболат. Оның айтуынша, ірік­теу комиссиясы балуанның жас кезіндегі, яғ­ни алғаш чемпион атанған кезіндегі дене бі­тімнің Қажымұқанға ұқсаған сым­бат­ты­лы­ғымен қоса, «күш атасының» бет-әл­пе­тіне көбірек назар аударылған екен. Сөйтіп, конкурсты жариялаушы қазақтың да­­рынды кинорежиссерлерінің бірі Сұл­танахмет Қожықов, өзінің «Қыз Жібек» филь­мінен кейін араға 12 жыл салып, осы «Қажымұқанға» кіріседі. Осы тұста Қажы­мұ­қанның да тұлғалық сипаты есімізге түседі. Кейбір деректерге қарасақ, Қажы­мұ­қанның 75 жасындағы дене бітімі, тұл­ға­сы: таза салмағы – 174 кг, бойы – 195 сан­­тиметр (өз айтуы бойынша күресіп жүр­­гендегі салмағы – 215 кг, бойы 200 сан­тиметр болған). Бұл турасында газе­ті­міздің алдыңғы сандарында толық жа­зыл­ған еді. Осыны ойға алып: «Балуанмен тұл­­ғалық ұқсастығыңыз қаншалықты сәй­кесті?» деп сұраймыз. «Әрине, 30 жас – нағыз орда бұзар кезім. Десе де мен актер емеспін, Қажымұқандай алпауыт тұлғалы да емеспін. Бойым, салмағым өз қатар­лас­та­рымның алдында болғанымен, Қажы­ата­ға жету қайда?! Дегенмен кино түсіруге таңдағанда 85 пайыз портреттік сәйкестікке алдымен көңіл бөлінді. Яғни бет-әлпетімнің 85 пайызы Қажымұқанға ұқсастығына на­зар аударылды. Негізі, ол кезде бойым – 185, салмағым 85 келі болған-ды», – дейді ол. Леухан ағамыз да спорттан алшақ туған жан емес екен. Қазақша күрестен рес­пуб­лика чемпионатын екі дүркін жеңіп алған, еркін күрестен спорт шебері. Бұл ки­ноға түскенге дейінгі дәрежесі. «Қажы­мұ­қан­нан» басқа киноға түскен емеспін. Ше­шем егде тарт­қан еді, бала-шаға да жас болды. Айт­пақшы, сол киноға түскен жылы ұлды болып, атын Қажымұқан қойғанмын. Ал киноға келсем, біршама шақыртулар алға­ным­мен, бас тарттым. Бір жағынан, мал-жан, бала-шағаны бағу міндет болса, екін­ші жағынан, Қажымұқаннан кейін одан тө­мен рөлді ойнауға зауқым болмады», – дейді Л. Бекболат.
Қалай десек те, Қажымұқан – қазақ ба­луан­­дарының рухани бренді. Ендеше ба­­луанның толық тұлғасын, бейнесін, өмі­рін жете зерттеп білу – ұрпаққа керек өнеге.

Дереккөз: alashainasy.kz

Қатысты жаңалықтар

Дін және оның классификациясы

azatmedia

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КƏСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

azatmedia