Соңғы жаңалықтар

БАЛУАННЫҢ ҰРПАҚТАРЫ

Қажымұқан Мұңайтпасұлы тағдырдың жазуымен болар төрт рет отбасы құрып, төрт әйел алғаны белгілі. Алғаш Рига қаласында гострольмен жүргенде ат үстінде ойнайтын цирктегі поляқтың акробат қызы Н.Н.Чепковскаямен, содан елге келгеннен кейін 1925 жылы екінші рет қазақ әйелі Ырыстыға, үшінші некесі әмеңгерлікпен қосылған Мінайымға үйленеді.

1944-45 жылдардың бірінде палуан төртінші әйелі Бибіжан Бүркітқызымен отандасады. 1948 жылы дүниеге палуанның кенже ұлы Жанабіл Қажымұқанов келеді.

Әкесінің жолын қуған ұлы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушы болып, облыстық спорт саласында еңбек етіп, спортшылар дайындауда өз үлесін қосқан азаматтардың бірі болды. Бүгінде кенже ұлдың отбасы Шымкент қаласында, ұл — қыздары жеке — жеке отбасы болып тұрып жатыр. Жанабіл Қажымұқанов 2001 жылы өмірден озған.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1948 жылы тамыз айының 16 жұлдызында қайтыс болды. Сол кездегі тұрып жатқан елді — мекенге, палуанның өз өтініші бойынша денесі үйінің жоғарғы жағына, үш жүз метр қашық жердегі зиратқа қойылды.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ РАЙОНА ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ МИКРОРАЙОНА «АСАР-2»

azatmedia

Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм түсірілді

azatmedia

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ КӘСІПОРЫНДАРЫ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫС КҮШІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

azatmedia