Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай береді – видеонұсқау

Аzat-media.kz. Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу туралы өтінімді тек компьютерден беруге болады. Мобильді нұсқа іске қосылмайды, – деп жазады sputnik.kz.

 www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында зейнетақы жинағын алуға өтінімді қалай беруге болатыны көрсетілген видеонұсқау жарияланды.

«Достар, сіздерге ыңғайлы болу үшін біз www.enpf-otbasy.kz онлайн-платформасымен жұмыс бойынша видеонұсқау жаздық», – деп хабарлады банк Instagram-да.

Алайда онлайн-платформамен жұмыс істеу үшін NCALayer сертификатын орнату қажет. Мұны Pki.gov.kz сайтында жасауға болады.

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу туралы өтінімді тек компьютерден беруге болады. Мобильді нұсқа қолжетімсіз.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға өтінім қабылдау басталды.

БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап онлайн режимде «Отбасы банк»АҚ-дан арнайы шот ашып жатыр. Бүгінге дейін 60 мыңға тарта шот ашылған.

Айта кетсек, біржолғы зейнетақы төлемін аудару үшін арнайы шот ашу бойынша екінші оператор – Halyk Bank.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұртта жылыжай көлемі кеңейіп келеді

azatmedia

«Үшінші жар табу өте оңай» – атышулы актердің тағы үйленетіні рас па?

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 10,1 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

azatmedia