Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «БОЛАШАҚҚА ТЫНЫС» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 2200 ТҮП ШЫНАР АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

Шымкент қаласында А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Болашаққа тыныс» акциясы шеңберінде шынар ағашының көшеттері отырғызылды. Түркияның «Ұлттық ағаш отырғызу күніне» орай ұйымдастырылған акцияға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Риза Акынжы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Қазақстандағы өкілі Ислам Исмаил арнайы қатысты. Али Риза Акынжы осы іс-шараның Шымкент қаласында ұйымдастырылғанына алғысын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі қарай өркендей беруіне тілектестігін жеткізді.– Екі елдің достастығының нығаюына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Ынтымақтастығымыз арта берсін, – деді Түркия консулы. Қала әкімі Шымкент қаласында жылына миллионға жуық ағаш көшеттері егілетінін және бауырлас елдегі атаулы күн біздің елде көрініс тапқанын қуанышпен жеткізіп, түрік кәсіпкерлерін қаладағы ірі жобаларға белсенді қатысуға шақырды. – Ежелден жалғасқан бауырластық дипломатия, экономика, спорт, өнер секілді барлық салада да жалғасын табуда. Түрік еліндегі «Ұлттық ағаш егу» дәстүрі біздің елде көрініс тапқанына өте қуаныштымыз. Аталарымыз «жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген екен. Бүгінгі іс-шара түрік елінің бізге деген ілтипаты деп білемін. Түркиялық кәсіпкерлерді «Ескі қалашыққа» туризмді дамыту бойынша инвестиция салуды ұсынамын. Бүгінгі отырғызған ағаштар екі елдің барлық саласындағы ынтымағының нышанына айналсын, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы. Айта кетейік, осы акция аясында Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай 2200 түп ағаш көшеті отырғызылады. 

Қатысты жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕР ОНЛАЙН-КЕҢЕС БЕРЕДІ

azatmedia

«Музей ғасырлар куәсі» атты мерекелік шара өткізілді

azatmedia

2,4 миллион теңге сыйақы. «Үздік педагог» анықталады

azatmedia

Пікір қалдыру