Басты жаңалықтар

Таразда қалалық сот ғимаратын жармақшы болғандар ұсталды

Тараз

Владимир Путин Құраннан, Інжілден, Таураттан және Ганджурдан үзінді оқыды

Ресей президенті Владимир Путин діни бірлестіктердің өкілдеріне жүгініп, олармен кездесуде Інжіл, Құран, Тора мен Ганджур кітаптарынан үзінді айтты, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қасиетті кітаптардың төртеуінде де нәсіліне, ұлтына және дәстүріне қарамастан жақынына деген сүйіспеншілік жазылғанын баса айтты.

Ол әр кітаптан үзінділерді кезек-кезек оқып берді. 

«Егер кімде-кім өзінің достары үшін жанын берсе, одан асқан сүйіспеншілік болмайды», – деп Путин Інжілден үзінді келтірді.

Осыдан кейін президент Құраннан мынадай жолдарды айтты: «Мұхаммед, айт, мен шынайы сенім жариялағанм үшін сендерден марапат сұрамаймын, тек жақыныңды сүюге шақырамын. Жақсылық жасаған адамның несібесін екі есе арттырамыз».

Путин келесі өсиетті Таураттан оқыды: «Бауырыңа деген өшпенділікті жүрегіңде сақтама. Жақыныңды қайта-қайта ескерт- сонда ол үшін сенде күнә болмайды. Кек сақтама және зұлымдыққа бой алдырма, жақыныңды өзіңді жақсы көргендей сүй».

«Және, Будданың сөздері: «Бұл әлемде жеккөрушілікті ешқашан жек көрушілікпен жоюға болмайды. Тек махаббат жеккөрушілікті жеңе алады», – деді президент.

Қатысты жаңалықтар

«Мемлекет тарапынан алған қолдауды тиімді пайдалану керек»- кәсіпкер

azatmedia

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

azatmedia

Джо Байден президентті «Путиннің күшігі» деп атады

azatmedia

Пікір қалдыру