Басты жаңалықтар

Таразда қалалық сот ғимаратын жармақшы болғандар ұсталды

Тараз

Бейсенбінің таңы тараздықтар үшін дүрбелеңмен басталды. Қалалық соттың алды қоршауға алынып, арнайы жасақтың сарбаздары көлік қозғалысын тоқтатты. Мұндай көріністі көрген көпшілік 2011 жылғы терактыны еске алды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы  Айқын.кз сайтына сілтеме жасап.

Жұмысқа бара жатқан жұртшылықты шошытқан жағдайдың мән-жайын білмек мақсатта Жамбыл облыстық Полиция департаментіне хабарластық.

«2020 жылдың 5 қарашасы күні сағат 09.10-да облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне №2 Тараз қалалық сотының кіре берісінде белгісіз азамат гранаты жарылғыш затын жармақшы болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары 49 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Тексеріс барысында одан ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Одан бөлек ұсталған күдікті ақыл-есі кем ретінде психикалық диспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды.

Облыстық Полиция департаменті қала тұрғындарын жалған ақпарат таратпауға шақырады», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Осылайша тұрғындардың үрейін алған оқиға абырой болғанда тыныш аяқталып отыр.

Қатысты жаңалықтар

«Бойында күші, кеудесінде жүрегі бар жастардың біразы үш әріп боп сүмелеңдеп жүр» – журналист

azatmedia

Ақтауда көшенің қақ ортасында төбелескен қыз бен жігіт ВИДЕО-ға түсіп қалды

azatmedia

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады?

azatmedia

Пікір қалдыру