Соңғы жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗДЫҢ БІРІ

Бүгін аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы бағыттарды аудан аумағында іске асыру мәселесі мен қатар салық түсімі жоспарын ұлғайту жұмыстары, кәсіпкерлерді InfoKazakhstan.kz порталына тіркеу жұмыстарының барысы және кәсіпкерлік саласындағы 8 – айдағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мен әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар барысы талқыланып, өзекті мәселелер қаралды.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мекеме мен дербес бөлім басшыларының баяндамасын тыңдап шыққан аудан басшысы ауданның кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Абдуалиевтің ұсынысын ескере отырып, ауылдық округ, кент әкімдеріне ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін барлық бағыттағы салық түсімдері бойынша салық жинау жұмыстарын қарқындатуды тапсырды. Сондай-ақ, округ әкімдеріне кәсіпкерлерді InfoKazakhstan.kz порталына тіркеу бойынша 10 қыркүйекке дейін мерзім белгілеп, аудандық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп тіркеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Күні кеше мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы алдағы уақытта жұмыс бағытымызды белгілейтін басты құжат екенің айтып, Жолдауда айтылған 2025 жылға дейін жалпы халық санының ішінде жеке кәсіпкерлердің үлесін 35 пайызға жеткізу тапсырмасына сәйкес жұмыстарды жандандыру бойынша нақты шараларды жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына аудандық «Nur Otan» партиясы филиалымен бірлесіп «Қамқорлық» бағдарламасына қатысушы жанұялармен басқа да тұрмыс жағдайы төмен мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан жасалынып жатқан көмектерден бөлек демеушілер есебінен қосымша көмек түрлерін ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, 8 айдын қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткішердің орындалуын қатаң бақылауда ұстайтындығын жеткізген аудан басшысы қысқа дайындық мәселесін тағыда пысықтап шығу мақсатында округ әкімдеріне жауапты аумақтарындағы әлеуметтік нысандарды жеке-жеке аралап шығуды жүктеп, аудан әкімі аппаратының басшысына арнайы жұмысшы топ құрып, қысқа дайындық мәселесін тексеріп шығуды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

«9 мамырдан бастап ірі қалалар жабылады» – әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты тың дерек шықты

azatmedia

Қазақтың «Тақиялы періштесі» өмірден озды

azatmedia

Көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде

azatmedia

Пікір қалдыру