Спорт

Қызды зорлап, 20 жыл бас бостандығынан айрылды

головкин

Орта салмақта әлем чемпиондығы атағына үміткер болған америкалық боксшы Доминик Уэйд үш қылмыстық іс бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Боксшыға қыз зорлады деген айып тағылып отыр. Егер спортшы бұл іс бойынша кінәлі деп танылса, 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, қылмыс 23 шілде күні жасалған. Боксшы қамау туралы рұқсат қағазын Чарльз округінің шерифі 28 тамыз күні шығарылып, 8 қыркүйек күні Уэйдге берілген. Содан соң боксшы қамауға алынған.

Бұл іске қатысты бірінші отырыс 6 қазан күні өтеді. 

Айта кетейік, Уэйд бұған дейін өзінің баласының анасына зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жауапқа тартылған. 

2016 жылы америкалық боксшы отандасымыз Геннадий Головкиннің қарсыласы болған еді. Жекпе-жек Лос-Анджелес қаласында өтіп, қазақстандық боксшы екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӨЛЕБИ БАБАНЫҢ 360 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ» ӨТТІ

azatmedia

14 жасөспірімге найзағай түсті

azatmedia

«Манчестер Сити» клубы Месси үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын

azatmedia

Пікір қалдыру