Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй саудасы қызып тұр

Тамыз айында үй сату мен сатып алу бойынша 30 мыңнан астам келісімшарт жасалған, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жарты жыл бұрын тұрғын үй нарығы тұралап қалған болатын. Дегенмен еліміздегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін ахуал жақсарды. Атап айтсақ, тамыз айының қорытындысы бойынша жоғарыда аталған көрсеткіш шілде айымен ғана емес өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда да жоғары болып отыр.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегі бойынша, тамызда үй сату мен сатып алу бойынша барлығы 30 172 келісімшарт жасалған. Бұл шілде айымен салыстырғанда 13,1 пайызға, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға жоғары.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар 2021 жылы қанша күн демалады?

azatmedia

Танымал блогердің жазбасы елді алаңдатып қойды

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА 6250 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру