Соңғы жаңалықтар

«Төреғалидің тоқалы» туралы не білеміз?

Диана Исмайл

Белгілі әнші Диана Исмаилова «Талқылайық» бағдарламасына берген сұхбатында өткен өмірі туралы айтып берді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Төреғалимен айтқан әнінен кейін көпке таныла бастаған әнші Диана Исмаилова алғаш рет кең көлемде сұхбат беріп, өмірі мен шығармашылығы турасында тарқата айтты.

«Мен отбасында жалғыз баламын. Әке-шешем мені 5 жыл күткен. Әкем жалғыз қызының әнші емес, әскери адам немесе теміржол қызметкері болғанын қалады. Мен Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түстім. Әкеме бұл туралы кейін айттым. Мен бала күнімнен музыкаға жақын болдым. Еркенің орындауындағы «Қайда» атты әнімді мектеп қабырғасында жүріп шығардым. Одан кейін Төреғалимен «Уәде қайда?» әнін жаздық. Мәдина Сәдуақасоваға, Мөлдір Әуелбековаға, Қайрат Нұртасқа, Гүлнұр Оразымбетоваға ән жаздым. Ең қымбат әнім 3 мың долларға сатылды. Оны Қайрат Нұртас алды», – дейді Диана.

Жас әншінің айтуынша, ол Ерке Есмаханға «Қайда» әнін сатқаннан кейін қатты өкінген. Кейіннен ән сатуға еті үйреніпті.

Жас әнші Төреғалимен гастрольдік сапарға шыға бастағаннан кейін екеуінің жүріп жүргені туралы қауесет тарай бастаған. Бұл туралы Диана «Ел аузында Төреш екеуі жақын деген әңгіме шығып кетті. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ Төреш екеумізді тек шығармашылық қатынас қана байланыстырады. Мен онымен аға-қарындас немесе өнер адамы секілді сөйлесемін. Жалпы отбасылы азаматпен кездесіп көрмеппін. Ондайға мүлде қарсымын» дейа кесіп айтты.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 2500 АЗАМАТ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПТІК ОҚЫТУДАН ӨТУДЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ЖЫЛДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ 1,2 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

azatmedia

Қытай «Талибан» қозғалысына көмектесуге дайын, бірақ…

azatmedia

Пікір қалдыру