Қоғам

Түркістандықтар ауыр жұмысы үшін әкімдіктен ақша ала алмай жүр

Түркістан

Түркістан облысындағы Төрткүл ауылдық округінің тұрғындары мақта тергені үшін әкімдіктен ақшасын ала алмай шу шығарды. Олар жергілікті билікке шүйлігіп, өз наразылығын айтты деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, олардың күннің ыстығында атқарған жұмысы қаржылай қамтамасыз етілмеді. Олар бірнеше тонна мақтаны өсіріп, оны өңдеуге жіберді. Алайда, жергілікті халық өзінің ерен еңбегі үшін ақшаны әлі де ала алмай жүр. Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлады.

Көпшіліктің айтуынша, оларға арнайы көмекқаржы төленуі тиіс болған. Бірақ, әкімдік өкілдері оларға бірнеше ай бойы тек уәде беріп келе жатыр.

Абыл есімді ауыл тұрғыны өз шаруа қожалығы бар болғандықтан, жеке оған билік өкілдері 150 мың теңге және әрбір тонна үшін тағы 12 теңге төлеуі қажет.

«Жақында береміз дейді. Өткен жыл үшін әлі де көмекқаржымызды ала алмай жүрміз» , – деді ол.

Телеарнаның мәліметінше, мұндай жағдайға тап болған тағы 100 шақты адам бар.

Өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Абдубай Мұстафаев бұл жағдайға қатысты жауап беріп, мәселе тауар өндірушілердің жұмысты аяғына дейін істемегендігінде екенін басып айтты.

Анықталғандай, көпшілік ұсынымды электронды түрде бермеген. Тележүргізуші маманнан ауыл тұрғындарына енді қайда жүгіну керек екенін сұрағанда, ол тым кеш екенін жеткізді.

«Енді ешқайда жүгінудің қажеті жоқ. Себебі, мақтаға қатысты қаржы көмекке бөлінген ақша таусылып қалды» , – деді Абдубай Мұстафаев.

Шенеунік адамдар дер кезінде шара қолданбағандықтан ақшаларын алмайтынын айтты.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia

“Синтетика! Қауіпті!”: ІІМ қоғамды қорқынышты құбылысқа назар аударуға шақырады

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЛА/АУДАНДАҒЫ «АДАЛДЫҚ АЛАҢДАРЫ» БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ

azatmedia

Пікір қалдыру