Соңғы жаңалықтар

Оралда ер адам 12 жастағы қызбен төсектес болған

зорлық

Өткен аптада Оралда 21 жастағы жергілікті тұрғын «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімі бойынша ол тек 2,5 жылға бас бостандығымен шектелді. Алқабилер 12 жастағы жәбірленуші жыныстық қарым-қатынасқа қарсы емес және не болып жатқанын түсінді деген қорытындыға келді. Соттың бұл шешімі қоғам белсенділерінің наразылығын тудырды. Олар бұрын-соңды болмаған шешімді қайта қарауды талап етті. Алайда сотталушының адвокаты үкімді өте әділ деп санайды, деп хабарлайды Azatmedia.kz Neonomad.kz ақпарат агенттігі  сілтеме беріп.

«Қазіргі уақытта, қыздардың физикалық дамуы едәуір алда, атап айтқанда, бойлары ұзын, физикалық тұрғыдағы дене-пішіні үлкен жастағы қыздарға сәйкес келеді, жыныстық жетілу әлдеқайда ертерек дамыған. Сондай ақ, біздің уақытымыз компьютерлендіру ғасыры екенін ескеру  керек. Кәмелетке толмағандардың Интернетке, әлеуметтік желілерге еркін қол жетімділігінің болуы, онда кәмелетке толмағандар ерте жаста жыныстық өмір туралы ақпарат алады», – дейді адвокат Юрий Кобзарев.

Еске салайық, Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны, оның ісін алқабилер қарауын өтінген. Іс «Кәмелетке толмағандарды зорлау» бабынан «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа әрекеттер» бабы бойынша қайта қаралып, сотталушыға тек екі жарым жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды.

Қатысты жаңалықтар

«БАТЫРЛАР БҰЛ ӨТЕГЕН ӨЗ ПАРЫЗЫН…»

azatmedia

Қазақстандықтар Жапония мен Оңтүстік Кореядағы тайфуннан қалай аман қалды (фото, видео)

azatmedia

ҚАНДАСТАРДЫ БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ЫҚПАЛДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА АТАЖҰРТҚА ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

azatmedia

Пікір қалдыру