Соңғы жаңалықтар

Ауыл мешітіне бастырма салып берді

Келес ауданына қарасты Бозай ауылдық округінің мектеп бітірген түлектері игілікті іс жасады, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Бозай ауылының Б.Момышұлы жалпы орта мектебінің 2000 жылғы бітірген мектеп түлектері 20 жылдыққа байланысты бастарын қосып, ауыл мешітіне бастырма салып берді.

«Біздің мешіттің жалпы сыйымдылығы 300 адам. Ауылда жалпы 2500 мыңнан астам халық тұрады.Түлектердің мына салып берген бастырмасы мешіт ауқымын кеңейітті. Енді діни мерекелік іс-шараларда бастырма астына адамдарды көптеп отырғызуға болады»,-дейді Ишанкулов Ташкенбай Бозай ауылының «Әбдімәлік ата» мешітінің имамы.

Еске сала кетейік, Бозай ауылының азаматтарының қолдауымен «Әбдімәлік ата» мешітінде қайырымды іс жасап, мына жайлаған індеттің бетін қайтару мақсатында құрбандық шалынды. Шалынған құрбанды еті тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға таратылды.

Қатысты жаңалықтар

В V МОЛОДЕЖНЫХ СПОРТИВНЫХ ИГРАХ ШЫМКЕНТЦЫ ЗАНИМАЮТ ВТОРОЕ МЕСТО

azatmedia

«Көмектескісі келген»: Полицей Алматыдағы атыс кезінде қайтыс болған әріптесі туралы айтып берді

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛҒАН 600 АЗАМАТ ӨЗ КӘСІБІН АШТЫ

azatmedia

Пікір қалдыру