Ақпарат

ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Маңызды мәжіліске өңірдегі құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті.

Комиссия отырысында өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді төмендету бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары болды. Бұл мәселе бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Амандық баяндама жасап, мониторинг барысында анықталған заңбұзушылықтар мен тәуекелдерге тоқталды. Ол мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіру, ашықтықты күшейту және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ақаділ Сатыбалды баяндама жасады. Ол саладағы жүйелі жұмыстар, енгізілген бақылау құралдары және заңнамалық талаптардың сақталуы туралы баяндады.

Жиын барысында комиссия мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, мемлекеттік сатып алу процесіндегі ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігіне ерекше назар аударылды. Комиссия мүшелері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселесін көтерді. Бұл ретте цифрландыру тетіктерін кеңінен енгізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін автоматтандыру және адами факторды азайту арқылы ашықтықты арттырудың маңыздылығы айтылды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Отырыста айтылған ұсыныстар негізінде тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырып, әрбір мемлекеттік органға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, өңірде аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармаларда мемлекеттік сатып алумен айналысатын қызметкерлерге заңбұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында 2025 жылы 11 онлайн және 4 оффлайн форматында семинар-сабақтары ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Комиссия отырысында көтерілген мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүйелі түрде жетілдірудің маңызды бағытын айқындады. Әсіресе мемлекеттік сатып алу саласында тәуекелдерді азайту, ашықтықты қамтамасыз ету және автоматтандыру арқылы адами фактордың ықпалын төмендету іс-қимыл стратегиясының негізгі құрамдас бөлігі ретінде қаралды. Бұл қадамдар өңірдегі мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселесі ерекше назарға алынды. Халыққа ашықтықты насихаттау және мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету арқылы қоғамда адалдыққа негізделген жаңа қатынас мәдениеті қалыптасады.

Отырыста айтылған ұсыныстар негізінде мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты түрде бақылауда болады. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтап, алдын алу жүйесін одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді. Алдағы уақытта өткізілетін онлайн және оффлайн семинар-сабақтар арқылы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, заңбұзушылықтың алдын алуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жұмыстар жалғасады. Бұл Түркістан облысында адал әрі ашық басқаруды нығайтуға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

САУРАНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА МЕРЕКЕДЕ ҚАРИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

azatmedia