Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Инклюзивті Ассамблея» жобасын іске асыру тетіктері жөніндегі маңызды отырыс өтті.
Жиынға арнайы қатысушылар:
Қазақстан қырғыздары қауымдастығының төрағасы Исмаилов Шавкат Абдоллаұлы
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов
Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева
Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова
Отырыстың негізгі тақырыбы – инклюзия және жаңа мәдениетті қалыптастыру болды. Шавкат Абдоллаұлы слайд арқылы баяндама жасап, қатысушылармен ой бөлісті.
Жиында сөз алған Г.Тоққұлова инклюзивті Ассамблеяның мән-маңызын толықтырып, облысымыздағы бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өтті. Сонымен қатар, Э.Жанғазиева ҚХА-ның «Инклюзивті Ассамблея» бағытытындағы жұмыстарды жандандыру бойынша өз ұсынысын жеткізіп, жоба аясында бірлесіп тірлік істеуге шақырды. Сондай-ақ, ерекше балаларға арналған «Армандар орындалады» жобасының авторы Әсел Бимырзаева да өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынға облыстық Ақсақалдар, Аналар кеңесінің мүшелері, Медиация кеңесі, этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары» және студенттік Ассамблея мүшелері қатысып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
«Инклюзивті Ассамблея» жобасы – Қазақстан халқының бірлігін, түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың теңқұқылығын насихаттап, қоғамдағы барлық азаматтардың өз ой-пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін бастама.
Бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде ұрпақ тәрбиесі мен ел ертеңіне бағытталған игі бастамалар алға басады деп сенеміз.
«Инклюзивті Ассамблея» жобасы Түркістанда маңызды бастама ретінде қолға алынды. Бұл жоба арқылы қоғамдағы барлық топтардың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың да тең құқықпен және толыққанды қоғам мүшесі ретінде өз пікірін білдіру мүмкіндігі кеңейеді. Жиын барысында ұсынылған идеялар мен пікірлердің басты мақсаты – елдегі әлеуметтік әділеттілік пен теңқұқылықты нығайту, сондай-ақ ұрпақ тәрбиесі мен елдің болашағына арналған игі бастамаларды алға жылжыту болды.
Жоба аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар қоғамның әрбір мүшесін қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы үлкен қадам болып табылады. Мысалы, ерекше балаларға арналған «Армандар орындалады» жобасының авторы Әсел Бимырзаева өз ұсыныстарымен бөлісіп, инклюзивті қоғамды дамытуға қосқан үлесін көрсетті. Бұл бастамалар өз кезегінде, елдің мәдени дамуына, әлеуметтік ынтымақтастыққа және халықтың әртүрлі топтарының бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған. Түркістанда өткен отырыс тек ақпарат алмасу алаңы ғана емес, әртүрлі әлеуметтік топтар мен этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимылының маңызды көрінісі болды. Жоба жүзеге асқан сайын Қазақстандағы азаматтардың әрқайсысы өз мүмкіндіктерін ашып, қоғамға толықтай кірігуіне мүмкіндік алатын болады. Ал, бұл қадамдар болашақта еліміздің әрбір азаматының тең құқылы әрі қолдау көрсетілген ортада өмір сүруіне жол ашады.
