Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАР ОҚЫТУ КУРСЫНАН ӨТТІ

Түркістан қаласында туризм саласының мамандары мен жаңа кадрлар дайындауға арналған «Гид – экскурсовод дайындау негіздері» атты оқыту курсы өтті. Бұл курс Түркістан өңірінің туристік потенциалын арттыру және экскурсия жүргізушілерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Дәріске қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Курс аясында туристерге қызмет көрсетіп жүрген 30-ға жуық электрокар жүргізушілері мен гидтер кәсіби даярлықтан өтті. Бұл шара Түркістан қаласының туристік саласының сапасын көтеруге және жаңа мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — экскурсия жүргізудің заманауи тәсілдерін меңгеру, Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени нысандар туралы терең ақпарат беру және кәсіби гид ретінде жұмыс істеуге қажетті дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар, тыңдаушылардың әртүрлі мәдениеттер мен тілдерде коммуникация жасау мүмкіндіктерін кеңейту көзделген.

Оқыту барысында тыңдаушыларға туристермен байланыс орнату, туристік бағыттар бойынша ақпарат ұсыну, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде дәріс оқылды. Қатысушылар, сондай-ақ, экскурсияларды тиімді ұйымдастыру мен топтарды басқару бойынша тәжірибелік сабақтар да өткізілді. Сондай-ақ, шетелдік қонақтарға сапалы қызмет көрсету әдебі сынды тақырыптар қамтылды. Бұл бағыттар арқылы қатысушылардың қонақжайлылық деңгейі мен кәсіби шеберлігі арттырылды.

Жоба Түркістан қаласы әкімдігі, Түркістан облысының Туризм басқармасы және Туризм және меймандостық университетінің бірлескен бастамасымен жүзеге асты. Осы серіктестіктің арқасында облыс бойынша кәсіби дайындықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу мүмкін болды.

Қатысты жаңалықтар

Сиви Керімбекованың өзiне не себепті жауласып жүргенін айтты

azatmedia

Қазақстандықтар қай елдерге бара алады?

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ҚОСЫЛАДЫ

azatmedia