Ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті жеке қабылдауын өткізді. Өзі жетекшілік ететін білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар бойынша шағымдарға назар салды. Қабылдауға өңірдің түкпір-түкпірінен 15-ке жуық азамат келіп, мұң-мұқтаждарын жеткізді. Атап айтқанда, Түркістан мен Арыс қаласы, Созақ, Ордабасы, Бәйдібек, Шардара, Сайрам, Түлкібас аудандарынан келген тұрғындарының мәселелері қаралды.Жеке қабылдауда мектептің құрылысын қоршау, қосымша ғимарат салу, заңсыз әрекеттер мен ұжымдық қысым, мемлекеттік тапсырыс пен қаржыландыру, мүгедектік бойынша санат өзгерту, атаулы әлеуметтік көмек алу, инватаксимен қамту, жұмысқа орналастыру, медицинада нақты диагноз қою, емдеуге квота мен жолдама бөлу, отбасылық кикілжіңдер сынды мәселелер көтерілді.Бейсенбай Дәулетұлы арыз-өтініштерді мұқият тыңдап, бақылауына алғанын айтты. Барлығы заң аясында сараланып, тиісті жауаптары өтініш иелеріне жолданады. Қажет болған жағдайда арнайы талдаулар жүргізілетінін мәлімдеді. «Ашық әкімдік» кеңсесінде еркін форматтағы кездесулер жалғасады. Мұндай жеке қабылдаулар ай сайын ұйымдастырылады. 

Қатысты жаңалықтар

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

azatmedia

Келес пен Шардараның даму бағыттары сараланды

azatmedia

КЕЛЕС: АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ТАЛ ЕКТІ

azatmedia