Санатталмаған

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖЕМІСІН КӨРУДЕ

AzatMedia. Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округіне қарасты Балықты ауылында «Жақсымбек» шаруа қожалығы малдың санын көбейтіп, кәсібін дөңгелетуде.

Мал шаруашылығымен біраз жылдан бері айналысып келе жатқан шаруа қожалық төрағасы Қынтаев Досжан есімді азамат ағымдағы жылдың наурыз айында «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен Бизнес жоспарын әзірлеп, ауданымызда орналасқан «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген болатын.

Бүгінгі таңда сұраған қаржысы толығымен мақұлданып, «Агробизнес» бағдарламасы аясында 60 бас жылқы алып отыр. Осылайша мемлекет тарапынан қолдауға ие болған түлкібастық шаруа өз кәсібін ұлғайтып қана қоймай 4 ауылдасын жұмыспен қамтып отыр. Ет өнімімен жергілікті ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп, көпшіліктің көңілінен шығып отырған кәсіпкер алдағы уақытта өз ісін одан әрі жандандыруды көздеп отыр.

Бүгінде аудан әкімі Н.Байғұттың тікелей бастамасымен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар іске асуда. Осы ретте, Досжан мырзаға шаруасының қарқынды дамуына, ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізуге тілектес бола отырып, дәл осылай кәсібін ашуға ниет білдірген азаматтарға қолдау білдіруге дайын екенімізді хабарлаймыз!

Түлкібас ауданының «КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІ» ғимаратының есігі сіздер үшін әрдайым ашық! Байланыс үшін телефонымыз:  8 725 38 51-088.

Қатысты жаңалықтар

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АСА ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС БИЫЛ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру