Спорт

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Бүгінгі күн Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округі тұрғындары үшін ерекше қуанышқа толы болды. Олай дейтініміз, ауыл округінің орталығында орналасқан ескі футбол алаңы меценат жерлесіміз Жармахан Тұяқбаевтың демеушілігімен қайта жаңартылып, 65 млн теңгеге табиғи көгал төселіп, жүгіру алаңдары мен көрермендерге арналған аймақ, футбол алаңының аумағын қоршау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Жармахан Айтбайұлы әлі де 135 млн теңге демеушілік жасап арнайы киіну, жуыну бөлмелері мен басқа да заманға сай жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын тұрғындарға жеткізді.

Бұл қуаныштың құрметіне арнайы ашылу салтанаты ұйымдастырылып, аудан әкімі Азизхан Исмаилов, меценат Жармахан Тұяқбаев қатысты. Жиын барысында мәртебелі тұлғалар құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсімін өткізді. Салтанатты шара жасөспірімдер арасындағы аудандық турнирге жалғасып, 13 ауыл округтен келген жас футболшылар өзара сайысқа түсті.Футбол әлемдегі ең көрермендері көп және орны ерекше спорт түрі. Қазығұрт ауданында спорттың осы түріне қызығатын жастар мен тұрғындар саны жыл санап артып келеді. Тіпті, арнайы футбол мектебі жұмыс жасайды. Онда мыңға таяу ауданымыздың жас футболшылары шынығып тәрбиеленуде.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданының футболдан жетістіктері де жетерлік. Мысалы, былтыр ауданның кіші футболдан ересектер құрама командасы Әзірбайжан Республикасында өткен халықаралық турнирде 3 орынды, республикалық чемпионатта ІІ-орынды, облыстық турнирлерде бірнеше рет І-орынды иемденіп ел мәртебесін асқақтатты. Биылғы жылы да осындай жетістіктерді жалғастырып, жақында көршілес Өзбекстан Республикасында өткен қазақ, өзбек, қырғыз елдері арасында өткізілген барлығы 12 команда қатысқан турнирде 2 орын иемденіп көк байрақты тағы да биікке көтерді. Сондай-ақ, спорттың бұл түрін қолдау бағытында былтырғы жылы жалпы саны 3 алаңша қолданысқа берілсе, бүгінгі ашылып отырған футбол алаңшасы биылдыққа үшінші нысан болды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МАХАББАТ ЭСТАФЕТАСЫ» АТТЫ ЖАС ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ПАРА ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

azatmedia