Санатталмаған

12 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

AzatMedia. Бүгін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан. Сондай-ақ, еріктілердің ықпал етуімен керуен көлігіне азық-түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген.

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық ағайындарға көмек қолын созуға батыстағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы мен «Бірлік» еріктілер тобы, «Достық» қазақ-вайнах пен «Patriot» спорт клубы, сонымен бірге «Кадыргалиев Т.А.» ЖК, «UralskRunners» жүгірушілердің клуб мүшелері ұйымдастыруға атсалысып, қаражат жинауға сеп болған.

Ал, Батыстан Оңтүстікке дейін жол тартқан көмек көлігін Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал ауданындық филиалы мамандары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелерікүтіп алып, гуманитарлық көмек қоймаға тапсырылды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖОЛЫНДА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРАРАЛЫҚ AI ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

azatmedia

В Туркестане открыт уникальный мурал в поддержку конституционной реформы

azatmedia

АТА ЗАҢ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ КЕПІЛІ

azatmedia

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

azatmedia

ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АСА ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС БИЫЛ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру